Байқау жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілік пен кітап оқуға деген қызығушылықты ояту, отбасы мүшелерінің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
🟣 Байқаудың облыстық кезеңіне қатысатын отбасылар оқып келуі тиіс кітаптар келесідей:
📚 1. С.Байхоновтың «Сара апамның сабақтары» кітабы
📚 2. Ә. Файзуллаевтің «Өтірік айтпайтын күн» кітабы
📚 3. Г. Ақжолованың «Алдар көсе» кітабы
🟣 Қатысушылар оқылған кітаптар бойынша 8 бағытта бақ сынады.
🟣 Байқауға қала, аудан бойынша барлығы 7 отбасы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау қорытындысы ⤵️
🏆 Бас жүлде
1. Құрманғазы ауданы «Хасановтар» отбасы
🥇І орын
1. Қызылқоға ауданы «Жұмағалиевтер» отбасы
🥈ІІ орын
1. Атырау қаласы «Ахановтар» отбасы
2. Махамбет ауданы «Мухаметгазиевтер» отбасы
🥉ІІІ орын
1. Исатай ауданы «Жарылгасовтар» отбасы
2. Мақат ауданы «Ізғали» отбасы
3. Индер ауданы «Көшербаевтар» отбасы.






