9 – 11 – сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі басталды. Олимпиада Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында өтуде.
Олимпиадаға 11 облыстық мектептен, 7 аудан және қала мектептерінен 750 оқушы қатысуда.
Оның 361-і жаратылыстану-математика бағыты бойынша, 389-ы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бағын сынауда.
Олимпиада 2 турдан тұрады.
Қатысушы қойылған ұпайлармен келіспеген жағдайда апелляцияға беруге құқылы. Апелляциялық өтініштер қабылдау күні – 6 қаңтар.
Үздіксіз шығармашылық ізденісте болатын интеллектісі жоғары оқушылар өздерін таныта алады деген сенімдеміз! Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Третий (областной) этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам среди учащихся 9-11 классов. Олимпиада проходит на базе Атырауского университета имени Халела Досмухамедова.
В олимпиаде принимают участие 750 учащихся из 11 областных школ, 7 районных и городских школ.
Из них 361 учеников по естественно-математическому направлению, 389 учеников по общественно-гуманитарному направлению.
Олимпиада состоит из 2 туров.
Участник вправе подать апелляцию в случае несогласия с выставленными баллами. 6 января – День апелляции.
Надеемся, что учащиеся с высоким интеллектом, находящиеся в постоянном творческом поиске, смогут проявить себя!
Желаем удачи всем участникам!