Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Дарындылар аллеясы» шарасы

Бүгін, 15 желтоқсан күні, «Дарындылар аллеясы» шарасы өтті.

Бұл шара табысты көшбасшыларға TEDx форматында өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді.

Барлық спикерлер – республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі интеллектуалдық және шығармашылық байқаулардың жеңімпаз-жүлдегерлері.

Олар өздерінің өмірлік стратегиясы мен «табысқа жету формуласы» туралы ойларымен бөлісті.

Шара соңында спикерлерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, спикерлер:
Хасанов Арон, Нұролла Әлішер – «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары;
Қалмұханова Аружан, Тасболатова Хадиша – Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары;
Ислат Ақбота – Исатай ауданы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы;
Гариппулина Айша – Атырау қаласы №16 орта мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы.