«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР – 2025» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ!
2025 жылдың 28 сәуірінде Атырау облысы оқушылары арасында «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР» атты әлеуметтік жобалар байқауы өткізілді.
Мақсаты: Жас таланттарды қолдап, олардың ғылыми-зерттеу мен әлеуметтік маңызды идеяларға қызығушылығын арттыру.
Байқау 4 бағыт бойынша өтті:
• «ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ» – электронды құрылғылар, мобильді қосымшалар;
• «ROBO WORLD» – ақылды құрылғылар мен роботтар;
• «ECO-LIFE» – экологиялық жобалар мен зерттеу жұмыстары;
• «БИЗНЕС-TIME» – кәсіпкерлік бастамалар.
Байқау жеңімпаздарына дипломдармен қатар, қаржылай сыйлықтар табысталды.
І орын иегерлері:
• Тұрланқызы Нұрсая, Жеңісқызы Каусар – Исатай ауданы, «Мектеп-гимназиясы» (9-10 сынып);
• Марданов Мағжан – Атырау қаласы, №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (10-сынып);
• Ермағанбет Нұрсауле – Индер ауданы, Бөдене орта мектебі (11-сынып);
• Хабер Ахмад, Берікұлы Нұрислам – №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (10-сынып);
ІІ орын иегерлері:
• Сансызбай Аңсар, Ислам Мәлік – №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (10-сынып);
• Өтепқали Сәтберген – Атырау облыстық ұлттық гимназия (10-сынып);
• Асылболат Бек – Исатай ауданы, «Мектеп-гимназиясы» (9-сынып);
• Нариман Саяжан – Атырау қаласы, №31 мектеп-гимназия (7-сынып);
ІІІ орын иегерлері:
• Атагулла Хайдар – №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (11-сынып);
• Еркін Кәусар – Индер ауданы, Жамбыл орта мектебі (11-сынып);
• Қисмет Алия – Құрманғазы ауданы, Ақкөл орта мектебі (9-сынып);
• Утешов Райымбек – №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (10-сынып);
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!





