⏳Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында “Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығы” базасының JASSPACE аймағында 11- сынып оқушыларына арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңі өтетіндігін хабарлаймыз.
«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны жалпы үш кезеңнен тұрады:
1) Аудандық/қалалық кезең;
2) Облыстық кезең;
3) Қорытынды (республикалық) кезең.
Мақсаты:
1. Оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру;
2. Жоғары интеллектуалдық қабілеті бар, дайындығы жақсы әрі
дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау;
3. Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін
қалыптастыру.
️Облыстық кезең тестілеу түрінде офлайн форматта өтеді және күрделілігі жоғарғы тапсырмаларды қамтиды. Тестілеу уақыты – 75 минут.
️Қажет болған жағдайда, бірдей балл жинаған қатысушылармен тестілеу нәтижесі бойынша қосымша әңгімелесу жүргізілуі мүмкін.
️Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынының республикалық (қорытынды) кезеңіне әр облыстан 5 қатысушы іріктеледі.
Облыстық кезеңнің нәтижелері Іріктеу комитетінің төрағасы бекітетін хаттамамен рәсімделеді.
️ «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынының облыстық кезеңін «Хабар» телеарнасы ұйымдастырады (түсіреді) және ол Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген.
Қатысушыларға СӘТТІЛІК!





