Қойнауы тарихқа толы Маңғыстау өңірінде өткен жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларына арналған «Әбіш оқулары» байқауының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті. Әйгілі сөз зергерінің әлемін танып, шырайлы шығармалары арқылы өз өнерлерін додаға салған Атыраулық талантты оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетті.
Атап айтсақ:
️ «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу» бағыты бойынша: Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Отарбай Рахат І орын;
️ «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша – Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушылары: Думанқызы Сәнбибі,
Махсот Дилара, Далабай Әлинұр, Сапарбеков Нурбахыт, Ғалымжан Нұрғалым І орын иеленді.
️Әбіш Кекілбайұлы шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бойынша:
Жылыой ауданы №2 жалпы орта білім беретін мектептің 10- сынып оқушысы Абиш Толғанай ІІ орын;
️Әбіш Кекілбайұлының шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы бойынша:
Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Талғатқызы Жайна ІІ орын;
️Сонымен қатар Атыраулық оқушылар командалық есепте «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының «ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДАСЫ» номинациясымен I орынды қанжығаларына байлады. Еске салсақ, 2024 жылғы байқауда облысымыз командалық есепте II орынды иеленген болатын.
✊Өңіріміздің абыройын асқақтатып, шығармашылықтарымен танылған жүлдегер оқушыларды және олардың жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз!





