Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы туралы

Орталық серіктестері

  1. «ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
  2. АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ
  3. АТЫРАУ ҚАЛАСЫ «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ»
  4. Х. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ
  5. «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ
  6. АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК  ОРТАЛЫҒЫ
  7. «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ ФИЛИАЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПҚБАИ
  8. ҚАЛАЛЫҚ,  АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ       БӨЛІМДЕРІ
  9. «ДАРЫН» РҒПО-ның АЙМАҚТАРДАҒЫ ОРТАЛЫҚТАРЫ
  10. АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ

  1. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия
  2. Атырау облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты
  3. Ж. Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық  интернаттық мекемесі бар лицей
  4. Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
  5. Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты
  6. Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты
  7. Н. Тілендиев атындағы  Атырау облыстық «Кіші Өнер академиясы» дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп

Орталық қызметінің мәні, мақсаты және міндеттері

Таланттарды анықтау және қолдау орталығы қызметінің мәні дарынды балалар,  талантты жастар, педагогтар және барлық мүдделі тұлғалар қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсаты – дарынды балалар мен талантты жастардың барынша көп санын қамту, мемлекеттік мекеменің басымдық бағыттары бойынша зияткерлік дайындық деңгейін арттыруына ықпал ету; балалар мен жастардың әлеуметтік жағдайына және олардың отбасы қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан олардың зияткерлік және жеке әлеуетін, кәсіби өзін-өзін айқындауын және қалыптасуын іске асыру үшін жағдайларды дамыту; дарынды балалар мен талантты жастарды зияткерлік-танымдық ортаға енгізудің жаңа түрлерін дамыту, дарынды балалар мен талантты жастар үшін «әлеуметтік лифт» жүйесін құру болып табылады.

          Міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасы Заңдарын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, Жарлықтарын, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарының ұйымдастырылуы мен орындалуын қадағалау;
  2. «Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» орындалуын жүзеге асыру;
  3. Облыстың білім беру саласының таланттарды анықтау және қолдау қызметінің сапасын көтерудегі кешенді жұмыстарды ұйымдастыру үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, облыстардың «Дарын» орталықтарымен, облыстық білім беру басқармасымен, Атырау қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебімен», өңірдегі жоғары оқу орындарымен, «Өрлеу» Акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен», «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ  педагогикалық шеберлік орталығының Атырау қаласындағы филиалымен,  Облыстық әдістемелік орталығымен, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерімен,  облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептермен бірлесіп, жұмыс жасаудың меморандумын жасақтап, қол қою, орындалысын қамтамасыз ету;
  4. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және облыстардың «Дарын» орталықтарымен тығыз байланыс орнату, іс-тәжірибелер алмасу, іс-сапарлар ұйымдастыру;
  5. Орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңесін құру және құрамын бекіту, қызметін үйлестіру;
  6. Облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагог кадрларының базасын құру;
  7. Облыста гуманитарлық және жаратылыстану – математикалық бағыттары бойынша дарынды балалардың базасын жинақтау;
  8. Орталық қызметін жұртшылыққа таныстыру  және жариялау мақсатында  орталықтың сайтын, логотиппін, әлеуметтік желілердегі парақшаларын  құру;
  9. Дарынды балалармен өткізілетін зияткерлік іс-шаралардың (турнирлер, марафондар, конкурстар, ойындар, фестивальдер, ғылыми жарыстар, олимпиадалар) әр кезеңге сәйкес нәтижелігі мен сапалылығына қол жеткізу;
  10. Балалардың дарындылығын ерте жастан анықтау мақсатында кешенді шаралар жүйесін қалыптастыру;

11. Талантты  балаларды анықтау және қолдау мақсатында атқарылатын шаралардың сапасын, жаңашылдығын, ашықтығы мен жариялылығын  қамтамасыз ете отырып, орталықтың танымалдық аясын кеңейту

Басшылыққа алынатын құжаттар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Атырау облысы білім беру басқармасының “Таланттарды қолдау орталығы” облыстағы барлық орта білім беру мекемелеріне “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын жобаларға –  мектепшілік, аудандық, қалалық олимпиадалар, ғылыми-жұмыстар, т.б. іс-шаралар туралы ақпараттарды darynatyrau.kz сайтына жариялауға мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз.

Кадрлық құрылым

Мекен-жай

Атырау қаласы, Әбілхайыр хан 58

Telephone

8 (717) 2308542

Email

contact@darynatyrau.kz