Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

“PRO ECO” жобалар байқауы

2025 жылдың 19 наурыз күні «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың басты мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету. Бұл конкурс экологияға қатысты идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер береді.

Ережеге сәйкес, конкурстың облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңде жеңімпаз атанған оқушылар қатысты. Олар төмендегідей бағыттар бойынша бақ сынап, нәтижесінде мынадай марапаттарға ие болды:

☘ «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша:
1 орын – Жастереков Жанторе, Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның 8-сынып оқушысы;
2 орын – Амангелді Заңғар, Исатай ауданы, Қызылүй негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы;
2 орын – Ержанұлы Ерболсын, Құрманғазы ауданы, Ю.А. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
3 орын – Табылды Жансая, Атырау қаласы, №19 Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы;
3 орын – Сағынтай Талшын, Махамбет ауданы, О.Шонаев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы;
3 орын – Нуримова Алтынай, Ж.Досмұхамбетов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
☘ «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша:
1 орын – Елубай Назым, Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның 8-сынып оқушысы;
2 орын – Лауадин Диана, Жылыой ауданы, №20 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы;
2 орын – Бауыржанқызы Шұғыла, Индер ауданы, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы;
3 орын – Амангелді Қарақат, Атырау қаласы, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы;
3 орын – Нұреденқызы Гүлдерайым, Құрманғазы ауданы, Еңбекші орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
3 орын – Тасболатова Амира, Ж.Досмұхамбетов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.