Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Он күндік» жобасы

Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» 2021-2022 оқу жылының жалпы беретін пәндер бойынша республикалық кезеңіне жолдама алған оқушыларға «Он күндік» жобасын ұйымдастырды. Мақсаты оқушылардың республикалық олимпиадаға дайындық жұмыстарын   сапалы, тиімді ұйымдастыру.  Жоба 2022 жылдың 07-13 сәуір аралығында екі локацияда: облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернаты және Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының жатақханасы базаларында өткізілді. Жобаға қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде  I, II орын алған оқушылар (50 бала) қамтылды.           Оқушыларды дайындауға облыстың педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттары бар мұғалімдер тартылды. Бұл жоба оң нәтиже берді: республикалық олимпиадада Атырау облысының командасы 55 медаль: 11 алтын, 12 күміс, 32 қола медальді (қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 25 медаль: 8 алтын, 6 күміс, 11 қола) иемденді. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда +13 медальға артты. Атырау облысы республикалық деңгейде жалпы командалық есеппен  ІV орында орналасты. Жоба соңында тренерлерге орталық атынан Алғыс хаттар табысталды.