Орталық Атырау облысынның ауылдық елді мекендері мен қалаларындағы дарынды, талантты, ерекше қабілетті оқушылармен, жастармен жұмыс жасайды және оларға қолдау көрсетеді, жұртшылыққа танытады.
Сондай-ақ орталық:
оқушылардың республикалық олимпиадаға дайындық жұмыстарын нығайту және оны тиімді өткізу үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізеді;
оқушылардың жазғы демалыс, каникул кездерінде білімге қызығушылығын дамыту үшін зияткерлік, шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастырады.
оқушыларды ғылыми жобалар байқауына дайындау және жас зерттеушілерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру мақсатында да жұмыстар жүргізеді.
Сайтымыздан республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқауларға, шығармашылық сайыстарға қатысу туралы ережелерді және олардың тапсырмалары мен жауаптарын таба аласыздар, сонымен қатар орталығымызда өтетін шаралар туралы ақпараттармен де таныс боласыздар.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, “Кері байланыс” бөліміндегі ақпаратты қолдана отырып, өз сауалдарыңызды жолдап, оған жауап ала аласыздар.
Сіздерге қызмет көрсетуге әрдайым дайынбыз!