«ГИТАРАFEST» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Достар!
26 қыркүйек күні Атырау қаласы Атырау Көлік және коммуникация колледжі базасында Атырау облысы білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастыруымен «ГитараFEST» облыстық фестивалі өтеді.
Фестиваль ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасынан жас талантты орындаушыларды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру, олардың өнер саласында кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылуда.
Фестивальге Атырау облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және ЖОО студенттері қатыса алады.
Фестивальге жеке орындаушылар да, орындаушылар тобы да қатыса алады.
Қатысушыларды бағалау критерийлері:
Шығармалардың стилі мен бейнелі-көркемдік мазмұнын ашу;
Орындаудың техникалық шеберлігі;
дыбыс мәдениеті;
сахна мәдениеті.
Фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар Гран-при, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауда бақ сынайтын қатысушыларға сәттілік тілейміз!





