Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Ғылыми жобалар байқауы

2025 жылдың 25-28 ақпан күндері Атырау қаласында өткен ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІ (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойыншы) өз мәресіне жетті.
Конкурсқа жалпы саны 316 оқушы 254 жобамен қатысып, 200 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздарды марараттау салтанаты Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті.
Сонымен қатар биылғы жылдың түлектері атанғалы отырған жеңімпаз оқушыларымызға өңіріміздің алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гранттары табысталды.
Еліміздің әр өңірінен келген барша жас ғалымдар мен олардың жетекшілерін білім бәйгесіндегі жеңістерімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Талантты жастарымыздың жаңа белестерді бағындыруға деген ынта-жігері арта берсін!