Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Үздік мектеп парламенті» байқауы

Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні республикалық «Үздік мектеп парламенті» байқауының облыстық (іріктеу) кезеңі өтті.
Мектеп парламентінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру мақсатында өткізілген байқауда облыстық, аудан және қала мектептерінен 10 мектеп парламенті (50 оқушы) қатысты.
Байқауда 4 номинация бойынша жобаларын қорғауда белсенділігімен, жаңашыл көзқарастарымен танылған мектеп парламенттері жүлделі орындармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
Атап айтсақ:
III орын
«Болашақ» командасы – Индер ауданы, Қ.Абаханов атындағы орта мектеп;
«AKL Parliament» командасы – №3 Білім-инновация лицей-интернаты;
«Сармат» командасы – «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты.
II орын
«Көшбасшы» командасы – Жылыой ауданы, №7 Е.Халықов атындағы орта мектеп;
«Жас толқын» командасы – Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы орта мектеп.
I орын
«Жас қанат» командасы – Қызылқоға ауданы, Кенбай орта мектебі.
Білімі мен білігін шыңдап, шығармашыл әрі креативті идеялар арқылы белсенділік таныта білген команда оқушыларын және олардың жетекшілерін жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Республикалық кезеңге жолдама алған «Жас қанат» командасына алдағы додада СӘТТІЛІК тілейміз.