Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Бастау» XVІІІ республикалық математикалық олимпиадасы

2025 жылдың 24-28 наурыз күндері Алматы қаласындағы республикалық физика – математикалық мектебінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІІ республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Республикалық олимпиадаға барлығы 46 команда, 138 оқушы қатысты.
Атырау облысы командалық есеп бойынша:
Қазақ тілді командасы – 3 орын;
Орыс тілді командасы- 2 орын;
«Математикалық бәйге» (жекелей ауызша тур) кезеңінің қорытындысы бойынша, қазақ тілді командасының қатысушылары:
III орын. Талғат Әли – Қызылқоға ауданы, Жалпы білім беретін №9 орта мектебінің 2-сынып оқушысы;
Түгелбайұлы Диас – Махамбет ауданы, Қызылүй орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
«Математикалық бәйге» (жекелей ауызша тур) кезеңінің қорытындысы бойынша орыс тілді командасының қатысушылары:
I орын
Ерулиев Асыл – Атырау қаласы, Әл-Фараби атындағы BINOM SCOOL мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы.
Грамота
Галым Әділет – Жылыой ауданы, №6 орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
Білім бәйгесінде оза шауып, жүлделі орындарды иеленген зерек оқушыларымызды және олардың жетекшілерін шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!