Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы

2025 жылғы 14-16 мамыр күндері Павлодар облысы, Екібастұз қаласында өткен V республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауына Атырау облысының 8-11 сынып оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Байқаудың мақсаты – дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, көркем сөз оқу шеберлігін шыңдау және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

Атырау облысының намысын қорғаған оқушыларымыз төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

Бас жүлде – Нұрлан Гүлайым –
Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 10-сынып оқушысы;

II орын – Мүти Альфия –
Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы;

III орын – Кенжебек Нұрхан –
Индер ауданы, Қ. Абаханов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы;

Алғыс хат – Амангелді Анель –
Облыстық Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы.

Облыс намысын абыроймен қорғаған оқушыларымыз бен оларды дайындаған жетекшілерін құттықтаймыз!
Білім мен шығармашылық жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!