Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада

Бүгін 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі аяқталды. Олимпиада Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында өткізілді.
Олимпиадаға 11 облыстық мектептен, 7 аудан және қала мектептерінен 700 оқушы қатысқан болатын.
Оның ішінде 326 оқушы жаратылыстану-математика бағыты бойынша, 374-ы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бағын сынады.
Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді.
Қатысушы қойылған ұпайлармен келіспеген жағдайда апелляцияға беруге құқылы. Апелляциялық өтініштер қабылдау күні – 8 қаңтар.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық олимпиаданың жеңімпаздары қатысатын болатын. Осы кезеңнен жеңімпаз атанған оқушылар республикалық кезеңге жолдама алады.
Үздіксіз шығармашылық ізденісте болатын интеллектісі жоғары оқушылар өздерін таныта алды деген сенімдеміз!

Қорытынды хаттамалары www.darynatyrau.kz сайтына жарияланады.