Білімді ұрпақ – жарқын болашақ!
2025 жылғы 16 сәуір күні бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде.
Олимпиадаға аудандық және қалалық кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар қатысуда. Қатысушы саны – 83
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, зияткерлік қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету.
Олимпиада аясында қатысушылар мына пәндер бойынша білімін сынайды:
Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу
Русский язык и литературное чтение
Математика
Жаратылыстану
Олимпиада барысы арнайы YouTube арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі, бұл – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған тағы бір қадам.
Барлық қатысушылардың жұмыстары және қорытынды хаттама www.darynatyrau.kz сайтында жарияланады.
✨ Білім додасына қатысушыларға сәттілік тілейміз!





