Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

“Махамбет оқулары” байқауы

4-қазанға жоспарланған Ақберен ақын, дауылпаз күйші, Махамбет Өтемісұлының өршіл үнді, асқақ рухты қайратпен шабыт берер шығармаларын насихаттауға арналған 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық Махамбет оқуларының жүлдегерлерін марапаттау салтанатты шарасы өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған байқауда еліміздің 15 облысынан 77 оқушы 5 бағыт бойынша қатысып, нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп танылған жүлдегерлеріміз анықталып, 6 қатысушы І орынды, 10 қатысушы ІІ орынды, 15 қатысушы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Атап айтсақ:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының III дәрежелі дипломымен марапатталған оқушылар:

1. «Ұлы арман» Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу бағыты бойынша:
1) Успанова Бибизейнеп – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы, мұғалімі – Атамбекова Толқын Орынбасаровна;
2) Балхаш Айтолқын – Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Қанабек Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, мұғалімі – Мирзалиева Болдықыз;
3) Талғарұлы Азамат – Абай облысы, Абай ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы, мұғалімі – Бұқышева Қаламқас Алдабергенқызы.