22 – желтоқсан күні ауыл мектептерінің 9 – 11 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өз жұмысын бастады.
Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған олимпиада еліміздің шалғай елді-мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған.
Бүгін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша дәстүрлі форматта бір турда өтеді. Ертең қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада жалғасады.
Білім жарысына аудандық кезеңнен жоғары нәтиже көрсеткен жүлдегер оқушылар қатысуда. Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық түрде онлайн-платформада көрсетіліп, шешімдер қағазда жүзеге асырылады.