14 – қазан күні 9 – 10 – сынып оқушылары арасында өтетін «Менің кіші Отаным» V республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңі басталды.
Байқауда облыс бойынша 60 оқушы бақ сынауда.
Байқаудың облыстық кезеңі екі тур бойынша тапсырма орындау үстінде.
Атап өтсек,
I тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру;
II тур – 4 номинация бойынша:
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу;
«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – автор өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау;
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
Байқаудың жүру барысын төмендегі сілтемелер арқылы тікелей эфирден көре аласыздар.
https://youtu.be/8UUjEZsBviE
https://youtu.be/qOKkWKvaYOA
https://youtu.be/WCqgjGNSqmY
https://youtu.be/vc-qyVKKuhg
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!






