Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

“ӘЛЕМ ҚАНДАЙ ӘДЕМІ” БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

"ӘЛЕМ ҚАНДАЙ ӘДЕМІ" БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Әлем қандай әдемі» облыстық байқауы қорытындыланды.

  Байқаудың мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды шығармашылық іс – әрекетке тарту және интеллектуалды шығармашылығын дамыту болды.

  Байқауға қалалық, аудандық білім бөлімдеріне қарасты жалпы білім беретін мектептер, №2 Арнайы мектеп-интернаты, Облыстық арнайы мектеп-интернаты, Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернатының ерекше білім беру қажеттілігі бар 1 – 9 – сынып оқушылары қатысты.

  Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізілді:
1 – 4 – сыныптар үшін:
  «Туған жер – алтын бесігім» (пейзаж қыл қаламмен сурет салу);
  «Сиқырлы бисерлер» (түрлі түсті моншақтардан композиция жасау);
  «Пластикалық ғарыш» (ғарыш тақырыбына ермексазбен 3Д эфект арқылы туынды жасау);
  «Лего және біз» (лего құрастырғыштардың көмегімен ғажайыптар қаласын құрастыру);
5 – 9 – сыныптар үшін:
  «Достық-татулық» (бейне жазба жасап, дайындау);
  «Қолөнер – зор өнер» (заманауи үлгідегі интерьердің ерекше дизайн-жобасын әзірлеу);   «Оригамидің шексіз әлемі» (түрлі қағаздардан қиялдан туындаған қолөнер туындысын ұсыну);
  «Роботтар біздің өмірімізде» (робототехника құрылғысы арқылы тұрмысқа қажетті роботтарды ойлап шығару);
  «Туған жер – алтын бесігім» (пейзаж қыл қаламмен сурет салу).

  Байқау қорытындысын келесі суреттерден біле аласыздар.

  Жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілерін орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау