«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі 8 қыркүйек күні қашықтық форматында өтетіндігін хабарлаймыз.
⚜️Көрме – байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
⚜️Көрме-байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары қатысады.
⚜️Қатысушылардың жасы: 11-17 жас аралығындағы білім алушылар.
⚜️Көрме-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
✅тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
✅ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
✅шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;
✅металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
✅ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
✅ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
✅қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;
✅ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз