



14 – қазан күні 9 – 10 – сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» V республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауда облыс бойынша 60 оқушы бақ сынасты.
Байқаудың облыстық кезеңі екі тур бойынша өткізілді.
Айта кетсек, оқушылар ережеге сәйкес I тур бойынша Қазақстан тарихынан тест сұрақтарына жауап берсе, II турда төменде көрсетілген 4 номинация бойынша жұмыстарын қорғады.
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу;
«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау;
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
Жүлдегерлерді және оларды дайындаған мұғалімдерін құттықтаймыз!






