«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңі 30 қыркүйек күні қашықтық форматында өтетіндігін хабарлаймыз.
🔴Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
🔴Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
🔴Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
✅автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру;
✅өндіріс саласындағы техникалық құрастыру;
✅ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру;
✅әскери техника саласындағы техникалық құрастыру;
✅су көлік саласындағы техникалық құрастыру;
✅құрылыс саласындағы модельдер;
✅жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер;
✅авиация саласындағы модельдер – авиациялық техника әзірлеу саласындағы модельдер;
✅космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер;
✅компьютерлік графика және 3D модельдеу;