Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

📢«Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес қашықтық форматында өткен «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің облыстық фестиваль-байқауы қорытындыланды.

🎭Фестиваль-байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру және дамыту.

🎭Байқауға аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

🎭Байқау қорытындысы төмендегідей:

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
«Драмалық спектакль» бағыты бойынша Жылыой ауданы №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қара пима» қойылымдары

«Драмалық спектакль» бағыты бойынша
Қызылқоға ауданы Қоныстану селосы Жаңашаруа қазақ орта мектебінің оқушылары «Ана қадірі» қойылымы

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
«Қуыршақ қойылымы» бағыты бойынша Құрманғазы аудандық оқушылар үйінің оқушылары «Көңілді қонжықтар» қойылымы

«Музыкалық спектакль» бағыты бойынша Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектептің оқушылары «Түлектер» қойылымы

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
«Драмалық спектакль» бағыты бойынша Құрманғазы ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің оқушылары «Жусан иісі» қойылымы

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау