Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ЗАРИНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

ЗАРИНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Атырау қалалық №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Зарина Нұрғалиева Румыния елінде шахматтан өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, «Әлем чемпионы» атанды.

Әлемнің 72 елінен жиналған 96 шахматшының арасында «классика» түрінен алтын жүлдеге ие болды. Ол бастапқыда АҚШ, Канада және Ресей елінің ойыншыларымен тең ойнаса, кейін Үндістан, АҚШ, Польша, Украина, Әзірбайжан, Латвия және Ресей елінің шахматшыларын жеңіп, 11 кезеңде 9 ұпай жинады.

Еске салсақ, Зарина Нұрғалиева 2019 жылы Беларуссия елінде 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтын жүлдеге ие болып, шахматтан өңірімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы еді.

Дарынды оқушымыз еліміздің көк туын биікке көтеріп, ел абыройын асқақтатқанына қуаныштымыз!

Орталық атынан облысымыздың мақтанышын жеңісімен шын жүректен құттықтап, дарындылық қабілеті шыңдалып, ұлтымыздың мақтанышы болуына тілектеспіз.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау