📢«Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 4 сынып оқушылары арасында «Ең үздік оқырман отбасы» байқауының облыстық кезеңі өтетіндігін хабарлаймыз.
✅Байқау мақсаты:
Ұлтымыздың ой-өрісін дамыту мен шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқуды дамыту үшін жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілік пен кітап оқуға деген қызығушылықты ояту. Отбасы мүшелерінің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
✅Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
✅Байқауда қатысушылар берілген кітаптардың мазмұны бойынша 8 бөлімнен тұратын тапсырмаларды орындайды.
⚜ «Маған ұнаған…!» — авторға, кітапқа, мазмұнға, кейіпкерге қатысты өз сезімін, шынайы лебізін білдіру.
⚜Берілген әдеби шығармадан алынған «Өзекті дәйексөз».⚜«Оқыңыз-айтыңыз» – байқауға кітаптың мазмұнын айтудан әр топтың топ басшылары қатысып, өзара жарысады.
⚜«Жалғасы бар…» — оқыған кітабыңыздың жалғасын табыңыз немесе автор ретінде өзіңіз кітапты қалай аяқтар едіңіз?
⚜«Кітап мазмұнында кездескен дауыстар» – әр түрлі шу мен дыбыстарды қолдана отырып, мәтінді оқып, кітапты дыбыстаңыз.
⚜«Біз оқимыз және сурет саламыз» — әдеби шығармадағы ең жақсы сурет.
⚜Үй тапсырмасы «Театрлық көрініс» — байқауға қатысатын жанұя берілген кітаптан үзінді дайындайды.
⚜Букфест дайындау.
Қатысушы отбасыларымызға сәттілік тілейміз.