Академиялық адалдық – бұл шындық, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек.
✅ Орталық ұйымдастырған шаралардың қайқайсысы болса да ашық түрде, академиялық адалдықты сақтай отырып өткізіледі. Олимпиадаларға қатысқан оқушылардың тапсырманы орындаған жұмыстары www.darynatyrau.kz ресми сайтымызда жарияланып отырады. Сондай-ақ шығармашылық байқаулар мен зияткерлік сайыстарға қатысқан оқушылардың орындаған тапсырмалары да сайтымызда орналасады. Бұл ашықтық арқылы оқушылардың орындаған жұмыстарын ата-аналары, мұғалімдері көре алады. Әр оқушы өзінің жұмысын өзге қатысушылардың жұмыстарымен салыстырады, артықшылығы мен кемшін тұстарын аңғарады.
✅ Академиялық адалдық ұғымына қарсы академиялық жалғандық деген бар. Академиялық жалғандық ойластырылған және ойластырылмаған болып екіге бөлінеді. Академиялық жалғандықтың басым бөлігі шын мәнінде әдейі жасалмайды, бұл оқушылардың академиялық адалдықты қалыптастыруға көмектесетін ережелерді түсінбеуі салдарынан пайда болады.
✅ Білім саласына қатысты өтетін шараларға қатысушы оқушыдан қатаң түрде академиялық адалдық талап етіледі, сол себептен де оқушылар тек қана өздерінің білмдері мен таланттарына, қабілеттеріне ғана сенуі керек және олар мына нәрселерден аулақ болуы тиіс:
1. Тапсырмаларды орындау барысында бөгде адамдардың көмегіне жүгінуге (ата-ана, мұғалім, ғаламтор желісі т.б.);
2. Байланыс құралдарын қолдануға (смартфондарды, смарт-сағаттарды т.б.)
3. Шпаргалкаларды, конспектілерді, калькуляторларды пайдалануға (тек қана физика мен химия пәндерінен пайдалануға рұқсат етіледі);
4. Жұмыс орнынан рұқсатсыз тұруға;
5. Аудиторияда отырған бөгде оқушылармен сөйлесуге;
6. Алдап-арбауға;
✅ Сонымен қатар орталық шараларды өткізуде ашықтық пен академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін әр шараға жауапты қызметкерлер тағайындайды және мүдделі емес «үшінші тұлғалар», яғни «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкерін, ата-аналар комитетінің өкілдерін, журналистерді шақырады. Шаралар қорытындысы орталықтың Facebook, Instagram ресми парақшаларында үнемі жарияланады, өтілуі бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі әрі YouТube каналында тікелей эфирден көрсетіледі.
✅ Бұл хабарламамыздың басты мақсаты – оқушыларға академиялық адалдық қағидаттарын нақты түсіндіру.






