Кездесу барысында орталық директоры Р. Сарбалин білім мен ғылым саласына сіңірген еңбектері және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын дайындағаны үшін ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатын» табыстады.
Сондай-ақ, ұстаздарымызды кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, білім беру саласының өркендеу жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі мен республикалық додаларда жеткен жетістіктері үшін алғыс білдірді.
Марапат иелері⤵⤵⤵
«Құрмет грамотасы»
Имашова Шынаргул Балгабаевна – Атырау қаласы, IT мектеп-лицейінің директоры
Каменова Алтын Тлеккабыловна – Құрманғазы ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры
Ханалиева Камшат Әжіғұлқызы – «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» «Ел үміті» бастамасын іске асыру және мониторингілеу бөлімінің басшысы
Насиева Лаура Зарифоллаевна – «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» дарынды балаларды қолдау бөлімінің басшысы
«Алғыс хат»
Нұркей Асқар Амангелдіұлы – Облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі
Қамзанова Ботакөз Әлібекқызы – Ж. Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі
Бочкова Татьяна Александровна – Атырау қаласы, №30 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Орынғалиева Әсел Берікқызы – Атырау қаласы, IT мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі
Ермұханова Клара – Құрманғазы ауданы, Еңбекші орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тукенова Шынар Кадимовна – Атырау қаласы білім бөлімінің әдіскері
Құрметті ұстаздар! Еліміздің жарқын болашағы үшін сіңірген еңбектеріңізге табыс пен игілік тілейміз.






