Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Республикалық «Ең үздік медиатор мектебі» байқауының облыстық кезеңі

Республикалық «Ең үздік медиатор мектебі» байқауының облыстық кезеңі

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Балалар жылын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ең үздік медиатор мектебі» байқауының облыстық кезеңі 13 қазан күні өтетіндігін хабарлаймыз.

  Байқаудың мақсаты: білім беру ордасында туындайтын даулар мен жанжалдарды, реттеудің баламалы тәсілі ретінде, білім беру қоғамдастығында медиация рәсімін танымал ету, оқушыларға кәсіптік бағдар беру болып табылады.

  Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

  Байқау онлайн режимде өткізіледі.

  Байқау аясында жарыстар келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1. «Жанжал және оны шешу» тақырыбында суреттер конкурсы.
2. Мектеп медиациясы қызметтерінің логотиптер конкурсы.
3. Мектеп медиация тақырыбындағы бейнефрагменттер конкурсы.
4. «Медиатор – келіссөздер шебері» эссе байқауы.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау