Атырау сервис колледжі базасында өткен 9 – 11 – сынып оқушылары арасындағы «JasSkills Atyrau – 2022» облыстық шеберлік чемпионаты қорытындыланды.
Облыс бойынша қатысқан 16 оқушы «Мейрамханалық сервис» және «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша тапсырмалар орындады.
Екі күнге созылған чемпионаттың мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болды.
Атырау сервис колледжінің өндірістік оқыту шеберлерінен құралған сарапшылардың шешіміне сәйкес чемпионат қорытындысы төмендегідей:
«Мейрамханалақ сервис»
I орын
Түсіп Аслан – Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, жетекшісі Ғалымжан Бақтияр
II орын
Түгелбай Анель – Жылыой ауданы, М.Сатыбалдиев атындағы №18 орта мектептің 10-сынып оқушысы, жетекшісі Қуатова Балжан
III орын
Мунбай Мадина – Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, жетекшісі Ғалымжан Бақтияр
«Сән технологиясы»
I орын
Иманғалиева Гүлжазира – Индер ауданы, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, жетекшісі Абуова Назгүл
II орын
Бақтығалиева Динара – Жылыой ауданы, №6 мектептің 11-сынып оқушысы, жетекшісі Уразумбетова Сүйкім Ерлановна
III орын
Рахымжан Арайлым – Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, жетекшісі Абилхайрова Толқын
Чемпионатқа қатысқан оқушыларға Алғыс хат пен Сертификаттар табысталды.
Жүлдегерлерімізді және оларды дайындаған жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!