20 – қазан күні Индер ауданы Жарсуат ауылы Махамбет орта мектебінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында жалынды жыршы, дулығалы батыр, қазақтың өр рухты дауылпаз ақыны Махамбет Өтемісұлының рухани мұрасын дәріптеу мақсатында облыстық «Махамбет оқулары» байқауы басталды.
Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім беретін ұйымдарының 7 – 11 – сынып оқушылары, жалпы саны 58 оқушы қатысуда.
Айта кетейік, «Махамбет оқулары» бес бағыт бойынша өткізілуде:
«Ұлы арман» – Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
«Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
«Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы;
«Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы.
«Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.