20 – қазан күні оқушылардың қолданбалы лингвистика бойынша білімін жетілдіру, дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында республикалық лингвистика олимпиадасының аудандық, қалалық кезеңі өтуде.
Лингвистикалық олимпиадаға 8 – 11 – сынып оқушылары, облыс бойынша жалпы саны 490 оқушы қатысуда.
Ережеге сәйкес олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:
I кезең (аудандық) – 20 қазан 2022 жыл;
II кезең (қалалық) – 10 қараша 2022 жыл;
III кезең (республикалық) – 24 қараша 2022 жыл.
Айта кетейік, оқушыларға олимпиаданың барлық кезеңінде негізгі талаптар мен академиялық адалдықты қатаң сақтау жөнінде нұсқаулар берілді.
Білім бәйгесінде оқушыларымызға сәттілік тілейміз!