«Мың бала» мәдени-ағартушылық республикалық жобасы аясында этнос жастарының қазақ халқының бай әдеби мұрасына, салт-дәстүрлеріне баулу арқылы шешендік өнерді дамытуға ықпал ететін және мемлекеттік тілде сөйлесу дағдыларын жетілдіруге бағытталған «Өнер алды-қызыл тіл» мектебі конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Аталған шара облыстық Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп өткізілді.
Байқауға аудан, қала бойынша барлығы 12 этнос өкілдері қатысты.
Байқау қорытындысы келесідей:
I орын
Жигулина Есения- Индер ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы.
II орын
Оллабергенов Адхамбек- Құрманғазы ауданы, М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы;
Гайнуллина Ангелина- Махамбет ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы;
Каримова Чаросхан- Атырау қаласы, Х.Доспанова атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы.
III орын
Иззатиллоева Рахима- Атырау қаласы, №12 орта мектебінің 5-сынып оқушысы;
Костенко Алиса- Атырау қаласы, №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;
Шахтинова Асель- Жылыой ауданы №23 орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
Кадынцева Медина- Индер ауданы, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы.
Байқауға қатысқан оқушыларға алғыс хат табысталды.
Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
Жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!