«Мың бала» мәдени-ағартушылық республикалық жобасы аясында өскелең жас талантты жас қатысушыларды шыңдау, көпшілікке танылуға мүмкіндік беру, қолдау және ынталандыу мақсатында 27 – қазан күні «Жарқыра, жас дарын!» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Аталған шара облыстық Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп өткізілді.
Байқауға аудан, қала, облыстық білім беру ұйымдарының 7 – 11 – сынып оқушылары, барлығы 18 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы келесідей:
«Ақындық» номинациясы бойынша:
I орын
Жылқышы Нұрдәулет-Қызылқоға ауданы, Миялы балалар өнер мектебінің 11-сынып оқушысы.
II орын
Муханбеткали Бақберген-Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Ұстаз мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.
Талапова Шұғыла- Құрманғазы ауданы, Шортанбай жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы.
III орын
Шакидолла Әйгерім- Исатай ауданы, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 11-cынып оқушысы.
«Әзілкештер» номинациясы бойынша:
I орын
«Дарын үшін» тобы
Абдолов Мақсат- Облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты 9-сынып оқушыcы.
Амангелді Алихан- Облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты 9-сынып оқушыcы.
Хамидолла Нұрасыл- Облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты 9-сынып оқушыcы.
II орын
«Исатай жастары» тобы
Сұлтанмұратов Азамат- Атырау қаласы, №27 орта мектептің 11-сынып оқушысы.
Қайырмұхаммедұлы Нұржан- Атырау қаласы, №27 орта мектептің 11-сынып оқушысы.
Сапар Бексұлтан- Атырау қаласы, №27 орта мектептің 9-сынып оқушысы.
Біржанов Ақтілеу- Атырау қаласы, №27 орта мектептің 9-сынып оқушысы.
III орын
«Қыздар» тобы
Айдосқызы Камила-Индер ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыcы.
Қуандыкова Меруерт- Индер ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыcы.
Байқауға қатысқан оқушыларға алғыс хат табысталды.
Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
Жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!






