Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  Жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтері арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі №42 орта мектеп базасында 27 – қазан күні өткізілді.
  Олимпиадаға облыс бойынша 28 жас маман қатысып, бақ сынады.
  Төрт бағыт бойынша өткізілген педагогикалық олимпиаданың қорытындысы төмендегідей:

«Жас педагогтер» (жаратылыстану бағыты):
  I орын
Сұңғатова Шаттық – Исатай ауданы, Новобогат орта мектебінің биология пәні мұғалімі;
  II орын
Тағанқожа Мейрамгүл – Атырау қаласы, IT мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;
Еркинова Мадина – Атырау қаласы, Х. Доспанова атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі;
  III орын
Бергеналиева Жанна – Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған лицейдің биология пәні мұғалімі;
Болатова Әсел – Атырау қаласы, №31 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі;
Ізбасар Ғайниұлы – Махамбет ауданы, Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің математика пәні мұғалімі;

«Жас педагогтер» (гуманитарлық бағыты):
  I орын
Хайрбеков Мақсат – Құрманғазы ауданы, Абай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  II орын
Катарова Рысгуль – «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі;
Хасанова Айгерім – Жылыой ауданы, №9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  III орын
Оразова Ақжұлдыз – Мақат ауданы Х. Санбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Гариполлаева Фатима – Атырау қаласы, №39 орта мектептің тарих пәні мұғалімі.

«Жас тәлімгерлер»:
  I орын
Хасанова Үздік – Құрманғазы ауданы, Гагарин орта мектебінің тәлімгері;
  II орын
Алтыбаева Дана – Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған лицейдің тәлімгері;
Есқалиева Асылханым – Қызылқоға ауданы, №2 орта мектептің тәлімгері;
  III орын
Жұбанғалиева Нұрай – Индер ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің тәлімгері;
Шиланбаева Маслихат – Жылыой ауданы, №17 орта мектептің тәлімгері.
«Жас психологтер»:
  I орын
Әжігерей Айәсем – «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының педагог-психологі;
  II орын
Бекесова Альбина – Махамбет ауданы, О. Шонаев атындағы орта мектептің педагог-психологі;
  III орын
Сапашева Айдана – Қызылқоға ауданы, Кенбай орта мектебінің педагог-психологі.
Жүлдегерлерімізді орталық атынан шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
  Айта кетейік, педагогикалық олимпиаданың жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау