Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  Ақтөбе қаласынан жеткен жаңалығымызды сіздермен бөліскелі отырмыз.
  2022 жылдың 24 – 27 – қазан аралығында қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған 7 – 9 – сынып оқушылары арасында І Республикалық астрономиялық олимпиадасы өтті.
  Олимпиадаға республиканың әр өңірінен 4 оқушы мен 1 жетекші қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша облысымыздың қоржынында 1 алтын 🥇, 1 күміс 🥈түсті.

  Алтын 🥇 Барлыбаев Нұрасыл – Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 – сынып оқушысы.
  Күміс 🥈 Мендигалиева Диляра – Абырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8 – сынып оқушысы.
  Айта кетейік, олимпиаданы Ақтөбе облыстық планетарийі мекемексі мен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.
  Олимпиаданы өткізудегі мақсат – жалпы білім беретін мектеп оқушыларын ғылымға баулу, асртономия, физика, космонавтика ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау