Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
  27 – қазан күні жас педагогтер арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде.

  Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

  Олимпиадаға облыс бойынша 28 жас маман қатысып жатыр.

  Олимпиада төменде көрсетілген төрт бағыт бойынша өткізілуде:
– Жас педагогтер (гуманитарлық бағыты)
– Жас педагогтер (жаратылыстану бағыты)
– Жас психологтер
– Жас тәлімгерлер

  Қатысушылар бірінші кезеңде өзін-өзі таныстырса, екінші кезеңде арнайы ұсынылған тақырыптар бойынша жобаларын қорғайды.

  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау