18 – қазан күні 9 – 11 – сынып оқушылары арасында «JasSkills Atyrau – 2022» облыстық шеберлік чемпионаты басталды.
Чемпионатқа облыс бойынша 16 оқушы қатысуда.
Чемпионатта қатысушылар «Мейрамханалық сервис» және «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша тапсырмалар орындауда.
Айта кетейік, екі күнге созылатын чемпионаттың мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болмақ.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!