Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Әлем қандай әдемі» облыстық конкурс 20 – қазан күні қашықтық форматында өтетіндігін хабарлаймыз.
Конкурстың мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды шығармашылық іс – әрекетке тарту және интеллектуалды шығармашылығын дамыту.
Конкурсқа аудандық (қалалық) кезеңдердің жеңімпаздары қатысады.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдар және алғыс хаттармен марапатталады.
Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі
1 – 4 – сыныптар үшін:
«Туған жер – алтын бесігім» (пейзаж қыл қаламмен сурет салу);
«Сиқырлы бисерлер» (түрлі түсті моншақтардан композиция жасау);
«Пластикалық ғарыш» (ғарыш тақырыбына ермексазбен 3Д эфект арқылы туынды жасау);
«Лего және біз» (лего құрастырғыштардың көмегімен ғажайыптар қаласын құрастыру);
5 – 9 – сыныптар үшін:
«Достық-татулық» (бейне жазба жасап, дайындау);
«Қолөнер – зор өнер» (заманауи үлгідегі интерьердің ерекше дизайн-жобасын әзірлеу);
«Оригамидің шексіз әлемі» (түрлі қағаздардан қиялдан туындаған қолөнер туындысын ұсыну);
«Роботтар біздің өмірімізде» (робототехника құрылғысы арқылы тұрмысқа қажетті роботтарды ойлап шығару);
«Туған жер – алтын бесігім» (пейзаж қыл қаламмен сурет салу)
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!






