«Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» жоспарына сәйкес «Менің кіші Отаным» V республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтеді.
Байқаудың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпазы атанған, білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары қатысады.
Байқаудың облыстық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:
I тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру;
II – 4 номинация бойынша:
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу;
«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау;
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
Уақыты: 14 қазан 2022 жыл
Өтетін жері: Ғабит Мүсірепов атындағы №5 орта мектебі
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!






