12 – қазан күні, 11 – және 12 – сынып оқушыларына арналған президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі басталды.
Олимпиадаға 60 оқушы қатысып жатыр. Оқушылар ережеге сай 120 минут ішінде математика, физика, химия, биология пәндері бойынша тапсырмалар орындайды.
Айта кетейік, оқушыларға олимпиаданың барлық кезіңінің талаптары мен академиялық адалдықты қатаң сақтау жөнінде нұсқаулар берілді.
Сондай-ақ олардың орындаған тапсырмалары www.darynatyrau.kz ресми сайтында орналастырылады.
Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілейміз.






