Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

2 – 4 – сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада

  9 – 10 – маусым күндері 2 – 4 – сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың III кезеңі (облыстық) кезеңі өтеді.

  Олимпиадаға аудандық, қалалық олимпиаданың жеңімпаздары, жалпы саны 113 оқушы қатысады деп жоспарлануда.
⠀
  Олимпиаданың мақсаты оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру.

  Оқушылар білім бәйгесінде жалпы білім беру бағдарламалары негізінде қазақ тілі мен әдебиеттік оқу, руский язык и литературное чтение, математика және жаратылыстану пәндерінен тапсырмалар орындайды.

  Сондай-ақ олимпиаданың өткізу процесі YouTube каналы арқылы тікелей эфирмен қамтамасыз етілуде.

  Оқушылардың жұмыстары мен қорытынды хаттама www.darynatyrau.kz сайтында жарияланады.

  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!