17 – қараша күні 5 – 6 – сыныптар арасында өткізілетін «Алтын сақа»
математикалық олимпиадасының ІІ аудандық (қалалық) кезеңі басталды.
Мақсаты: математика пәні бойынша
қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру.
Оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.
Бүгінгі білім бәйгесінен жеңіп шыққан өрендер олимпиаданың облыстық, республикалық кезеңдеріне жолдама алады. Ойы ұшқыр, зерделі, тапқыр оқушыларға сәттілік тілейміз!