19 – желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 9 – 11 – сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың екінші (қалалық/аудандық) кезеңі басталды.
Атырау қаласы және 7 аудан орталығында барлығы 3825 оқушы білім бәйгесінде бақ сынауда. Олимпиаданың ашық, адал өтуін бақылау үшін “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының өкілдері қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы: математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндерінен тапсырмалар орындауда. Ертең қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалғасады. СӘТТІЛІК!
19 декабря, стартовал второй (городской/районный) этап республиканской олимпиады среди учащихся 9-11 классов по общеобразовательным предметам.
Всего в городе Атырау и 7 районных центрах 3825 учащихся соревнуются в олимпиаде. Для контроля за открытым, честным прохождением Олимпиады принимают участие представители “Центра выявления и поддержки талантов”.
Напомним, сегодня учащиеся выполняют задания естественно-математического направления: математика, физика, информатика, химия, биология, география. Завтра продолжится работа по предметам общественно-гуманитарного направления. Удачи!