Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Облыстық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы қорытындыланды

Облыстық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы қорытындыланды

17 наурыз күні, «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша олимпиадаға қатысқан оқушылар мен білім беру ұйымдарын марапаттау шарасы өтті.

Шараны Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Р.Сарбалин ашып, оқушылар мен білім беру ұйымдарын жетістіктерімен құттықтады.

 Математикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып 4-орын алған 15 оқушыны грамотамен, 13 оқушыны ІІІ дәрежелі дипломмен, 8 оқушыны ІІ дәрежелі дипломмен, 3 оқушыны  І дәрежелі дипломмен «Зерделі» ақыл-ой даму мектебінің Бас директоры Ырысбек Мәуіт марапаттады.

Сондай-ақ олимпиада барысында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды шабыттандыру мақсатында «Ризи-Строй-Сервиз» АҚ басшысы Қазымұрат Бекболат 3-орын алған оқушыларға 5000 теңге, 2-орын алған оқушыларға 10 000 теңге, 1-орын алған оқушыларға 20 000 теңге көлеміндегі сертификаттарды табыстады.

Сонымен бірге «Алтын сақа» математикалық олимпиадасына белсенді қатысып, оқушылары орта балдан жоғары балл жинаған мектептердің рейтингі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Атырау қаласының № 30 мектеп-гимназиясы, №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі, №35 мектеп-гимназиясы және Құрманғазы ауданының Шортанбай жалпы орта мектебі, ІІ дәрежелі дипломмен №20 мектеп-гимназия мен №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназия, І дәрежелі дипломмен №17 мектеп-лицей мен И.Тайманов атындағы орта мектеп марапатталды.

Ал  Бас жүлдені Атырау қаласының Еркінқала орта мектебі жеңіп алды.

Айта кетейік, «Зерделі» ақыл-ой даму мектебі мен Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 4-6 сынып оқушылары арасында 12 наурыз күні «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі онлайн форматта өткен болатын.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау