18 мамыр күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушылары арасындағы XIV «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі өтті.
«Бастау» бастауыш мектеп оқушыларының математикалық турнирі – бастауыш мектеп оқушыларына арналған білім беру–дамыту бағдарламасы және командалық сайыс.
Турнирдің мақсаты – математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету.
Атырау қаласынан және аудандардан 14 команда, барлығы 42 оқушы қатысты. Турнир ауызша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.






