Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Атырауда “1 пән – 1 оқушы – 1 нәтиже” жобасы жүзеге асырылады

Атырауда "1 пән - 1 оқушы - 1 нәтиже" жобасы жүзеге асырылады

 Атырауда жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін олимпиадаға қатысушыларды 7-сыныптан бастап резерв бағытында дайындау мақсатында “1 пән – 1 оқушы – 1 нәтиже” жобасы жүзеге асырылады.

17 қыркүйек күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен пәндік олимпиадаға резервтер қалыптастыру бойынша облыстағы білікті педагог мамандармен бірлескен отырыс өтті.

Жиынды ашқан орталық директоры Р. Сарбалин жобаның мақсатын түсіндіріп өтті.

Жобаның мақсаты – оқушылардың жазғы демалыс және тоқсан арасындағы каникул кезінде білімге қызығушылығын дамыту үшін 7 класс оқушыларына арналған олимпиада резервтерін анықтау және оларды дайындау. Оған  шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді (тренерлер) тарту.

Ал тренерлердің міндеті өткен жылдардағы олимпиада тапсырмаларының базасын құрып, зерттеу және талдау жасап, олимпиадаға дайындаудың нұсқаулығын жасау. Сондай-ақ олимпиадаға қатысушылардың жетекшілерімен жұмыс істеудің жоспарын құру – деп атап өтті Руслан Құрманғалиұлы.

Бұдан кейін сөз алған мамандар жобаны құптайтынын айтып, өз ұсыныстарын білдірді. Жиын соңында қатысушылар облыстағы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білікті мамандардың тізімін жасап, өз ара координатор сайлап, бірлесе жұмыс істеуді құптады.

Олимпиадаға бұрынғыдай әр оқушы мен оның жетекшісі ғана дайындалмай, барлық қатысушының алаңсыз дайындалуы үшін облыстық Білім беру басқармасы жағдай жасап отыр. Осы жобаның нәтижесінде республикалық пәндік олимпиадаға ауыл балаларының ішінен де жеңімпаздар мен жүлдегерлер шығады деп күтілуде.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау