Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Зерде» ХVI республикалық конкурсы қорытындыланды

26-28 қаңтар аралығында «Дарын»  РҒПО ұйымдастырған 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVI республикалық конкурсында атыраулық төрт оқушы жүлдеге ие болды.
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 7-сынып оқушысы Ахатова Айсана II орынға ие болса, Атырау қаласы Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушы Какимова Нурай мен Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының 7-сынып оқушысы Рахмет Қарақат және Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 4-сынып оқушысы Сағын Аянат 3 орын алды.
Сондай-ақ Атырау қаласы, Х. Доспанова атындағы №18 орта мектептің 4-сынып оқушылары Хисма Карима мен Сарсенова Руфаида және Жылыой ауданы, №4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Балтабай Маржан арнайы “Грамотаға” ие болды.
Айта кетейік, жыл сайын өткізілетін конкурстың мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті дарынды оқушылардың белсенділігін арттыру. Байқау аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұрады.