Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Біз таланттарды іздейміз!» облыстық конкурсы өтті

  7 – маусым күні Н.Жантөрин атындағы филармонияда орталықтың ұйымдастыруымен
«Біз таланттарды іздейміз!» облыстық конкурсы өтті.

  Конкурстың бірінші күнінде іріктеу кезеңінен өткен «Хореография» бағыты бойынша 4 би ұжымы және «Вокал» бағыты бойынша 26 қатысушы мен 1 әншілер ансамблі өз өнерлерін көрсетті.

  Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жүлдегерлер тізімі төмендегідей:

  «Дәстүрлі ән» бағыты
БАС ЖҮЛДЕ
«Әсем әуен» үлгілі дәстүрлі әншілер ансамблі – Индер ауданы Индер балалар өнер мектебі;
I орын
Нығметолла Гүлхан – Индер ауданы Индер балалар өнер мектебінің білім алушысы;
II орын
Еркінғали Райхан – Исатай ауданы Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің білім алушысы;
III орын
Кабдраш Сезім – Атырау қаласы Дамбы өнер мектебінің білім алушысы;

  «Эстрадалық вокал» бағыты

БАС ЖҮЛДЕ
Серікқали Бексұлтан – Атырау қаласы Абай атындағы оқушылар орталығының білім алушысы;

I орын
Еркін Темірлан – Исатай ауданы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің білім алушысы;

II орын
Мұрат Ақжайна – Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы;

III орын
Өтеп Нұрдаулет – Индер ауданы Индер балалар өнер мектебінің білім алушысы;

  «Хореография» бағыты

БАС ЖҮЛДЕ
«Қарлығаш» би тобы – Құрманғазы ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушылары;

I орын
«Аруым-ай» би тобы – Атырау қаласы Абай атындағы оқушылар орталығының білім алушылары;

II орын
«Айзере» би тобы – Қызылқоға ауданы Ш. Еркінов атындағы орта мектептің оқушылары;

III орын
«Сымбат» би тобы – Индер ауданы Индер балалар өнер мектебінің білім алушылары.

  Жүлдегерлеріміз бен олардың жетекшілерін орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!